22-наурыз » Сарыбұлақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарыбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2017

22-наурыз

Өтілген  күні:20 наурыз 2017 жыл

 

Тақырыбы: «Наурыз -көктем»

 

Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс шараның сценарийі

 

Жүргізуші :

Армысыздар, құрметті көрермен қауым. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.

Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін мектебіміздің директоры : Т. Ерғожаеваға береміз .
Қыдыр ата:________________________________________________________________

Жүргізуші: Амансызба Қыдыр ата!Бізде сізді сағына күтіп жүр едік.Қош келдіңіз. Жоғары шығыңыз.

Жүргізуші : Иә, Қыздыр ата ! Биыл жаңбыр көп жаумады бәйшешектер өспеді

Қыдыр ата:___________________________________________________

Би: «Көктем биі» 1 сыныптар

Жүргізуші: Ой үлкен рахмет Қыдыр Ата ! Көктемнің келгенін енді сезінгендейміз.

Бәйшешектер өсті. Енді Наурыз мерекесін тойлай беруімізге боладығой. Өзіңіз қасыңызға кімдерді ертіп келдіңіз?

Қыдыр ата:_______________________________________________________

Жүргізуші : Ата Алдардың жүрген жері той думан ғой . Бүгін бізге өнерін көрсетсінші?

Қыдыр ата:________________________________________________________

Алдар:

Бай:

Алдар:

Бай:

Алдар:

Бай:

Жүргізуші: Алдар саған көп рахмет! Өнеріңе бас идік.

Күн:

Наурыз:

Қыдыр ата:

Тазша бала:

Бәрі:

Тазша бала:

Жүргізуші: рахмет тазша бала.

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар

Келген мына мерекеге қараңдар

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар

Тойла бүгін тауларым мен боз далам

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам

Қайта оралған намысымдай наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым

Әдеби монтаж:

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

 

Жүргізуші:

Қуаныш бақ тілеп еліме

Мереке құт тілеп жеріме

Әлемді аралап шарқ ұрып

Армысыңдар халайық

Наурыз құтты болсын

Көктем келді наурыз келді

Жер көгерді тал гүлдеді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан

Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы  құтты болсын

Жер көгеріп малға толсын

Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!
деп жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді.

Ән: «Наурыз Көктем» Жұлдызбай Жансая мен Жұлдызбай Маржанның орындауында қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық

(Шашу)  шашу шашылады.

Жүргізуші:

Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне

Ойындар:

Ән  : Жүнісбеков Мәрлен
жүргізуші:
«Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдікте.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.

Жүргізуші:
он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.

Әр сынып салт дәстүр көрсетеді:

Ән: «Аққу  арман» орындайтын: 1 сынып оқушылары

жүргізуші:
— Жыл иесі – қой , бақыт әкел еліме,
Құт, береке, молшылық дари берсін жеріме.
Тарылмасын табиғаттың тынысы,
Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.
Құт иесі қой, суыңды әкел көгіме,
Көлдерімді толтырып, Бақыт сыйла еліме.  

5 «Ә» сынып көрініс

Жүргізуші:

Алтын күні шуақ шашып аспаннан

Жаңа жылым жыр думанмен басталған

Ақ дастархан жайып қазақ төріне

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған, Уа ағайын «наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз

Бата беру үшін  Қыдыр атаға сөз беріледі.

Ал, тыңдаңдар батамды

Ардақтаңдар атаны

Тойсаңдар тасып бөспеңдер

Топастықты кешпеңдер

Ананың  сүтін ақтаңдар

Арларыңды сақтаңдар

Жалқаулық жаудан жаманды

Жеңіңдер оны күреспен

Жеңіске жетер бірлескен

Кең пейіл дархан халқымыз

Кеңейді дәстүр салтымыз

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар

Орындалсын ойларың

Тойға ұлассын тойларың Әумин

 

Жүргізуші:

Батаңыз қабыл болсын.

Өлкеме наурыз келді  көктем келді

Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт дәстүрін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі

«Наурыз - Думан» биі 3 -сынып

 Жүргізуші:

Қазағым наурызың құтты болсын

Көтерген шаңырағың биік болсын

Тілектері ұлтымның қабыл болып

Жақсылығын бір алла иіп тұрсын

 

Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!

 

Похожие публикации:

06 апрель 2017 ҰБТ туралы
03 апрель 2017 сабақ кестесі