ҰБТ туралы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы «16» қарашадағы
№ 660 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық
аттестаттау жүргізудің тәртібі
3. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11 (12)-сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан) бастап жүргізеді.
1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
4. 2-11 (12)-сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.
5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.
Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
5. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша «3», «4», «5» деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
6. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.
Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.
1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың (баланың заңды өкілдерінің) келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.
7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.
8. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттаудан өтеді. Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.
9. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.
10. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
11. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.
3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
12. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
13. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.
14. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.
15. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.
16. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант);
2) математикадан жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан;
4) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан;
17. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
18. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
19. 9 (10) сынып білім алушыларына емтихан жұмыстарының материалдарын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), 11 (12) сынып білім алушылары және республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) дайындайды.
20. Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 (10) сыныбында диктантқа 2 астрономиялық сағат, шығармаға 4 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) 3 астрономиялық сағат (физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.
21. 11 (12) сыныпта эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына 5 астрономиялық сағат бөлінеді.
Қорытындыаттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының(бұдан әрі - Комиссия) шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.
22. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау өткенге дейін жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанында қосымша бақылау жұмыстарын орындайды.
23. Білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша «Технология», «Алғашқы әскери дайындық» немесе «Дене тәрбиесі» оқу пәндерінен босату оларды келесі сыныптарға көшіруге және қорытынды аттестаттауға жіберуге әсер етпейді.
24. Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкеснегізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.
25. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқығанпәндерден бағалары «5» болған 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
26. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
27. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;
2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.
Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.
28. Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта бітіру емтихандарын және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін білім басқармалары, сондай-ақ білім басқармаларының келісімі бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері, республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрлік белгілейді.
29. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын тестілеу немесе жазбаша (эссе), ауызша нысанда мектептер өздігінен әзірлейді.
Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы куәлік беріледі.
Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
30. Барлық жалпы білім беретін пәндерден үлгеретін білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер.
31. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) осы
Ереженің 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар
санаты үшін «Денсаулық сақтау
ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген, № 035-1/е нысанына
сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;
3) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының сабақ үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі - табел) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.
32. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
34. Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді. Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып, № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін емтихан материалдарын дайындауды мектеп жүзеге асырады.
35. Білім алушылар халықаралық алмасу бағдарламасының толық оқу курсын оқыған кезеңде білім алушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасының мектептері контингентінің есебінде болады.
36. Ерекше білім беру қажеттіліктері барбалаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы шешеді.
Арнайы түзеу мекемелеріне қорытынды аттестаттаудың емтихандарының материалдарын білім басқармалары әзірлейді.
37.
Жазбаша емтихандар 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден, ал
9 (10) сынып білім алушылары бір-бірден немесе екіден отырғызылатын үлкен сынып
бөлмелерінде өтеді.
Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге Комиссияға тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.
38. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын Комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске арналған ұзақтау уақыт ұсынылады.
39. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстарын Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
Математика пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.
Оқыту тілі бойынша қайта жазбаша емтихан нысанын мектептің Комиссиясы белгілейді.
9 (10) сыныптағы шығарма және 11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математикадан жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.
40. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі 9 сағат 00 минутта басталады. Ерекше жағдайларда осы Ереженің тармақтарын сақтау үшін (мектепте білім алушылардың саны көп болғанда) емтихандарды 2-3 лекпен өткізуге жол беріледі.
Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.
41. Ауызша емтиханда жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).
42.Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Ереженің 18-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген оқу пәндері шегінде өткізіледі.
43. 11 (12) сыныпта тестілеуге әр пән бойынша 80 минут бөлінеді.
44. Тест нәтижелерін тексерудімектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия сол күні өздеріне ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес мектепте жүзеге асырады.
45. Тестілеуге қатысушылардың жалпы деректер базасын қалыптастыруды ағымдағы жылғы 1-30 наурыз аралығында бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен ҰТО жүзеге асырады. Білім алушылар туралы деректерді мектеп ҰТО-ға оның филиалдары арқылы жолдайды.