«Сарыбұлақ орта мектебі» КММ-де Балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар ақпараты » Сарыбұлақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарыбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сарыбұлақ орта мектебі» КММ-де Балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар ақпараты
13
июль
2022

«Сарыбұлақ орта мектебі» КММ-де Балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар ақпараты

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыбұлақ орта мектебі» КММ-де Балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар ақпараты (20-24.06.2022 ж.)

Шараның атауы

Күні, уақыты

Қамту

 саны

Іс-шараның мақсаты, қатысушылар санаты, қысқаша сипаттамасы


1

 «Қош келдіңдер,балдырғандар»күні

«Отбасындағы әдептілік» танымдық сабақ

20.06.2022 


15

Мақсаты: Ата-ана арқылы өрбіген туыстар сыйластығы,жанұя берген әдептілік,ізет,құрмет туралы пікірлесу

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы

Сарыбұлақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары  

«Қош келдіңдер,балдырғандар»күні балаларды медбикемен бірге қабылдап,бойжазу жаттығулары өтті.

«Отбасындағы әдептілік» тақырыбында әңгіме-сұхбат ұйымдастырылып,пікір алмасты.Әркім  мүмкіндігінше өз отбастары туралы видеоролик жасады.

«Менің отбасым тақырыбында»психологиялық тренинг өтті.Балалар әр ұлттың әндерін орындап,үйлеріне көңілді қайтты.

2

«Табиғат және біз»күні

Табиғат аясына саяхат

21.06.2022


15

Мақсаты:. Балалардың табиғатқа,туған жерге,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, танымын кеңейту.

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы

Сарыбұлақ  орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары

Ауылымыздың көрікті жерлерімен танысып, табиғатын тамашалап қайтты. 


3

«Шынықсаң шымыр боласың» спорттық іс-шара

21.06.2022ж

27

Мақсаты:Салауатты өмір салтын ұстануға баулу,спортқа деген қызығушылығын арттыру

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы

Сарыбұлақ  орта мектебінің 7-9сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар марапатталды.


4

«Менің көңілді күнім» күні

«Бір күнін қалай көңілді өткізуге болады?»Топтық жұмыс

22.06.2022ж

15

Мақсаты: Берілген тапсырмалар арқылы балалардың білімін,ақыл –ойын дамыту.Кеңістікті бағдарлай білуді жетілдіру,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы 

Сарыбұлақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары   

Топтық жұмыс жасау барсында балалар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы «Бір күнін қалай көңілді өткізуге болады?» деген  жұмыстарын қорғап, өз ойларын еркін жеткізе білді және сол тапсырмалар арқылы қызықты ойындар ойнап,суреттер салып,ән айтып үйлеріне көңілді қайтты

5

«Қазақ тілі» пәні

Шешендік сөздер                                «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойын-сабақ.



22.06.2022ж

18

Мақсаты: Ой өрісін кеңейтуге,шапашаңдыққа баулу.

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы 

Сарыбұлақ орта мектебінің 5 -сынып оқушылары   

Ойын- сабаққа қатысушылардың ішінен бір оқушы, мұғалім тапсырмасы бойынша әр –түрлі  жаңылдырғыш сұрақтарды оқып ,балаларды жаңылдыруға әрекет жасады.Ойынға қатысушылар     жаңылмай жауап беруге тырысты.Ойын барысында көп ұпай жинаған балалар марапатталды.

Жетекшісі: «Қазақ тілі пәні «мұғалімі Ж.А.Шалабаева

6


«Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі»

Ата-аналар жиналысы

22.06.2022ж

Сағ.10:00

117 ата-ана

Мақсаты: «Жаз мезгіліндегі балалардың өмір қауіпсіздігінің»алдын алу.

Қатысушылар: ата-аналар 

2022 жылдың 22 маусым күні Сарыбұлақ орта мектебінде ата-аналармен жиналыс онлайн өтті.

Мектеп директорының уақытша м.а И.А.Шалабаева ата-аналармен жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі туралы сұхбаттасты. «Жол қауіпсіздігі», «Су айдындарындағы қауіпсіздік» шараларына,ережелеріне тоқталып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


7

«Суретшілер тарихы»күні

Суретшілер тарихымен таныстыру


23.06.2022ж

15

Мақсаты: Суретшілер тарихымен таныстыру,ой өрісін кеңейтуге,шығармашылыққа баулу.

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы 

Сарыбұлақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары 

Балалар суретшілер тарихымен танысып,Ә.Кастеев музейіне визуалды саяхат жасады.  Ә.Кастеевтің еңбектерімен танысты.Түрлі-түсті боямақтармен суреттер салып,шығармашылық жұмыстар жүргізді.

Бой жазу жаттығуларын жасап, «Қызыл ту» ойынын ойнап, үйлеріне көңілді қайтты.

Жетекшісі:Атибекова М.Т

8

Тілдік лагерь

«Әзіл жұмбақ»сабағы

«Әріптер мен әдебиет» ойыны

23.06.2022ж

14

Мақсаты: Суретшілер тарихымен таныстыру,ой өрісін кеңейтуге,шығармашылыққа баулу.

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы 6-сынып оқушылары

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Сарыбұлақ орта мектебі" КММ Мектептің жанындағы "Балдаурен" лагерінде жазғы көңілді алаңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тілдік лагерь ұйымдастырылды. Сабақ барысында Мақал-мәтелдер жарысы ұйымдастырылды. «Фонетика, лексика салаларын қайталау мақсатында «Әзіл жұмбақ» сабағы өтті. Әзіл аралас сұрақтар қойылып, оқушылар белсенділік танытып отырды.  Әдебиетті қайталау барысында «Әріптер мен әдебиет» ойыны ұйымдастырылды, ойынның мақсаты: ақын-жазушының аты аталып, шығармасының басты әрпі аталады, оқушылар сол шығарманы тауып отырды.

9

23.06.2022ж

«Жасыл ел»тобы

Мектеп ауласын көгалдандыру

23.06.2022ж

7

Мақсаты: табиғатты  қорғау, аялау,өзара ынтымақтастық,қарым-қатынас, төзімділік қабілеттерін қалыптастыру

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы 8 -7сынып оқушылары

"Жазғы көңілді алаң-2022"     

"Сарыбұлақ орта мектебі"КММ-де балалардың табиғатты  қорғау, аялау,өзара ынтымақтастық,қарым-қатынас, төзімділік қабілеттерін қалыптастыру мақсатында  "Жасыл ел" тобы көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылған.

Топтағы балалар мектеп ауласын қураған шөптерден тазартып,гүлдерді түптеп, көшеттеді.Ағаштарды суарды.

10

«Түрген шатқалына» саяхат


24.06.2022ж

12

Мақсаты: Суретшілер тарихымен таныстыру,ой өрісін кеңейтуге,шығармашылыққа баулу.

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы -10сынып оқушшылары

Қазақстанның кең даласын,биік тауларын,ормандары мен көлдерін көрген адам еш уақытта ұмыта алмайды.Біз жер шарының осындай сұлу,бай өлкесінде тұрамыз.Ол -біздің Отанымыз,туған жеріміз.

Осы орайда 10 -сынып оқушылары Түрген шатқалының сұлуда көрікті табиғатына саяхаттап қайтты.

11

Тілдік лагерь

«Ойлан,ізде,тап»ойын- әңгіме

«Кім сөз жасай алады?»сөзжасам ойыны

24.06.2022ж

14

Мақсаты: Ойын сабақтар арқылы ой өрісітерін кеңейтуге,шығармашылыққа баулу.

Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы 6-сынып оқушылары

24.06.22 ж балаларды мед.бикемен бірге қабылдап,  «Жазғы қауіпсіздік ережелері» бойынша үш тілде әңгіме ұйымдастырылып, балалардан сұхбат алынды. «Фонетика» саласын қайталау мақсатында оқушылармен «Ойлан, ізден, тап»  ойын- әңгіме жүргізілді. Дыбыс және әріптерді қайталау барысында «Кім сөз жасай алады?» атты сөзжасам ойыны өтті, балалар ойларын ортаға салып,белсенді қатысты.

12

«Жануарлар әлемі» күні

«Менің сүйікті жануарым» қойылымдар қою

24.06.2022ж

15

Мақсаты: Жауарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту,оларды ажырату және дұрыс атауға ,қорғауға баулу 

Қатысушылар: 1-4 сынып оқушылары 

Балаларды медбикемен бірге қабылдап, бой жазу жаттығулары өткізілді. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында қойылымдар қойды. «Сиқырлы бояулар» бөлімінде өздері қалаған суреттерін салып,пластилиннен жауарлардың бейнесін жасап, сол жануар туралы әңгімелеп берді. Педагог-психолог балаларға көңілді тренингтар өткізіп, балалар  үйлеріне көңілді қайтты.