"Ұшқыр ой" алаңы."Жігер" дебат клубы » Сарыбұлақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарыбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұшқыр ой" алаңы."Жігер" дебат клубы
17
февраль
2022

"Ұшқыр ой" алаңы."Жігер" дебат клубы

Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»
Өткізілген күні: 25.09.2021ж
Мақсаты: Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу
Қатысқан бала саны -8
Өткізілу түрі: дебат (пікірсайыс)
Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Жетекшінің сөзі: Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің – арың бұл

Ұлтың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл. барлығымызға қойылатын талап. Осы мақсатта бүгінгі пікірталасымыздың тақырыбын да осы тілге байланысты алып отырмын. Алдымен осы ана тіліміз туралы біздің ақын жазушыларымыздың нақыл сөздерін есімізге түсірейік.
1. «Әр халықтың ана тілі білімнің кілті…. Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді , мәдениетті болсын…»
Ахмет Жұбанов
2. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
3. «Ғашықпын қазақ тіліне! … Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады?»

Нұртас Оңдасынов
2. Негізгі бөлім
(Сайыстың ережесімен қысқаша таныстыру Міне, қазақ тілі туралы қандай тамаша сөздер айтқан ағаларымыз. Ал енді осы тіл мәселесі туралы сендердің пікірлеріңізді тыңдап көрейік.

3. Қорытынды :
Келешек ұрпаққа тілдің қадір қасиетін жоғалтпай, сол күйінде жеткізу әр қазақ азаматының борышы. Демек , ана сүтімен бойына дарыған тілдің киелі қасиетін төмендетпей, кенісінше, бағалығын арттыру баршамыздың борышымыз. Бүгінгі пікірталас кешімізді ақын Жомарт Зияшұлының өлеңімен аяқтағым келеді. Осы өлең өз тілін менсінбейтін, ана тілінде сөйлемейтін кейбір қазақ бауырларға қамшы болсын.










Тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз әлем "
Өткізілген күні: 23.10.2021ж
Қатысқан бала саны -8
Өткізілу түрі: дебат (пікірсайыс)
Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Дебаттың әдісі: түсіндіру, пікірлесу.
Дебат барысыда талқылайтын сұрақтар:
1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?
2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар
3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?
4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?
5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай?
6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?
7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.
Кіріспе бөлім:
Бүгінгі пікірсайысымыздың тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз әлем ". Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.
Сонымен қатар Адам саудасы дүниежүзі бойынша кірісі жағынан үшінші орында тұр және ол барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары адамдарды сату деректері күрт өскен. Жыл сайын оның құрбандарының саны төрт миллионға жуықтайды.
Негізгі бөлім:(Сайыс ережесімен қысқаша таныстыру)
(Келесі сөз өздеріңде)

Қорытынды.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу мемлекеттің сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті.
*2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.
*Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
*Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады, оған есім және азаматтық беріледі.
*Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
*Әр баланың өзінің пікірі, ар-ождан, дін еркіндігіне құқ



Тақырыбы: "Жасөспірімдердің интернеттегі мінез құлқы және қарым-қатынасы "
Өткізілген күні: 27.11.2021ж
Қатысқан бала саны -8
Өткізілу түрі: дебат (пікірсайыс)
Кіріспе:
Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі»
Негізгі бөлім: (Сайыс ережесімен қысқаша таныстыру)
Сайыста қарастырылатын сұрақтар:
Ал сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе?
Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін негізге ала отырып,пікірлеріңді ашық орта салуларың сұралады.
-себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру;
-ғаламторға қажетсіз кіре беру;
-жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары;
-уақыт өлшемінің жоғалтуы;
-желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;
-міндеттерді ой елегіне алмау; кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы;
-тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;
-ашушаңдық көрсету, көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы




Қортынды:
Алдымен, салауатты өмір салтына, жүзбе-жүз қарым-қатынасқа деген махаббатты ояту керек, яғни шынайы өмірге қайтып келуге талпыныс жасау.Шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпауымыз керек.





Тақырыбы: Тәуелсіздік жетістіктері
Өткізілген күні: 11.12.2021ж
Қатысқан бала саны -8
Өткізілу түрі: дебат (пікірсайыс)
Мақсаты:
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Оқушылардың пікірсайыс барысында Тәуелсіздіктің маңызын түсінуге мүмкіндік беру
Кіріспе :
Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.
Негізгі бөлім: (Сайыс ережесімен қысқаша таныстыру)
Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет.
(Сөз кезегі өздеріңде )

Қортынды:
Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет.










Тақырыбы: "Адам құқығы "
Өткізілген күні: 22.01.2022ж
Қатысқан бала саны -10
Өткізілу түрі: дебат (пікірсайыс)
Мақсаты:
• Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
• Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру
• Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.Өз ойларын ашық жеткізуге баулу

I.Кіріспе.
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.

Негізгі бөлім: (Сайыс ережесімен қысқаша таныстыру)
Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н.Ә.Назарбаев: «Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз»- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
(Сөз кезегі өздеріңде )


Қортынды:
Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Адам құқығы,бала құқығын қорғаудан басталады
Біліп жүрейік!»
1 - маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20 - қараша – дүниежүзілік балалар күні
10 - желтоқсан – адам құқығы күні
Теги:
123

Похожие публикации:

11 сентябрь 2017 "Білім күні"
10 апрель 2017 наурыз аруы-2017
04 апрель 2017 22-наурыз