Әдістемелік жұмыс лагерь туралы мәлімет » Сарыбұлақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарыбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік жұмыс лагерь туралы мәлімет
20
июль
2017

Әдістемелік жұмыс лагерь туралы мәлімет

<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

«Сарыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің 2017 жылғы жазғы каникул кезіндегі  мектеп жанындағы «Балдәурен» еңбек және  демалыс лагерінде атқарылып жатқан іс-шаралар мәліметі

 

Мемлекет пен қоғамның әлеуметтік тапсырысын нәтижелі және тиімді  орындау үшін XXI- ғасырда  өмір сүретін және қызмет атқаратын болашақ азаматты оқыту мен тәрбиелеудегі балалардың демалысын ұйымдастырумен тікелей байланысты. Қазіргі таңдағы білімнің алдыңғы ең маңызды  әлеуметтік мақсатының бірі – білім алушылар мен тәрбиеленушілерді физикалық тұрғыдан дамыту, денсаулықтарына күтім жасау.

      Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Қазіргі уақыттағы балалардың  жазғы демалысы және жұмыспен қамтылуы - бұл тек әлеуметтік қорғау емес, бұл заманауи өмірді ескере отырып жас адамның әлеументтенуі үшін жағдай жасау, шығармашылықты дамыту, баланың танымдық және рухани әлемін байыту аясы.

     Сарыбұлақ орта мектебінде  балалардың жазғы демалу уақытын дұрыс ұйымдастыру үшін «Жаз-2017» мектеп жанындағы «Балдәурен» еңбек және демалыс лагерінің бағдарламасы жасалынып, жұмыс жоспары бекітілді. Педагогикалық-психологиялық көмек көрсетуді жазғы мектептің үйлестірушілері, кітапханашы, тәрбиеші педагогтар,ағылшын тілі және дене шынықтыру пән мұғалімдері, музыкан ,мектеп меірбикесі атқарады .

  Сонымен қатар оқушылардың демалу орындары, бөлмелер қолжетімді қажетті құралдармен жабдықталып, жазғы мектеп жұмысы жандандырылды.

     Бағдарлама балалардың маусымдық демалысын қамтамасыз етеді, үлкендер мен балалардың ынтымақтастығына жағдай жасайды, балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға, балалар мен жасөспірімдерді ұлттық мәдениетке тәрбиелеуге, өздігінен өмір сүру дағдылары мен икемдерін игеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Ұйымдастырылған демалыс бір уақытта демалу, сауықтыру, танымдық қабілеттерін дамыту қызметін атқарады.

     Лагерьдің негізгі құрамы— ол мектеп оқушылары. Лагерьге балаларды жинақтағанда өмірлік қиын жағдайға түскен оқушыларға /жетім,жартылай жетім, сәтсіз отбасы ,мүгедек/, аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасындағы балаларға  баса  көңіл бөлінеді.

    «Балдәурен»  еңбек және демалыс лагерінің жұмыс жасау тәртібі:

 

1-4 сыныптар үшін  -  01 маусым -15 шілде аралығында үш аусымда  жұмыс жүргізді.

I- аусым      05 - 17.06. Тәрбиеші: Мекебекова Жанар Тұрсынжанқызы

II-аусым     19 – 30.06.  Тәрбиеші: Жақабаева Динара Саламатқызы

III-аусым    03 – 14.07. Тәрбиеші: Атибекова Мөлдір Тастандықызы

1-4,5,7 сынып  оқушыларына  – 5 маусым -15 тамыз тілдік лагерь ағылшын тілінен ұйымдастырылды.

 

            Мектеп айналасын көгалдандыру  және жөндеу 

                                              Жұмыстары

 

  5-10  сыныптардан көгалдандыруға- 35 оқушы  және жөндеу жұмыстарына 39 оқушы тартылды..  Бригадаға топтастырылған оқушылар  5-маусымнан  30-шілдеге дейін апт  өздеріне бекітілген жерлерді абаттандыру және мектеп ғимаратының , жихаздарының  жөндеу жұмысымен айналысады.

     Көгалдандыру тобының жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Г.Г.Құрманғалиева.

     Еңбек және жөндеу жұмысы тобының жетекшісі: М.А.Беков

 

     Еңбек  балаларды экологиялық мәдениетін көтеріп, тыңдырымды жұмыс атқаруға дағдыландырып, сонымен қоса оларды ынтымақтастықта жұмыс атқаруға тәрбиелейді.

 

 Мектеп  жанындағы лагерде 1  спорт үйірмесі  жұмыс жүргізіп жатыр. Үйірмеге еңбек және көгалдандыру тобындағы және 1-4 сынып оқушылары қатысты.

 

Есепте тұрған кәмелетке толмаған оқушыларымыз жазғы демалыста төмендегідей лагерьлерде  тынығып, сауығып, бригадаларда жұмыс жасайды:

 

ОДН-да есепте тұрған  оқушы                  - жоқ

 Мектепішілік есепте тұрған   оқушы   - жоқ.

Сәтсіз отбасы балалары                        - жоқ

 

Жазда сауығып, демалатын балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы:

- көп балалы отбасылардан  бала саны–58

- аз қамтылған отбасылардан  бала саны– 28

- жетім бала саны- 1

 

Жазғы сауықтыру лагерінде психологиялық-

педагогикалық қызмет көрсету:

 

   Лагерьге келген бірінші күннен бастап балаларға психологиялық-педагогикалық  көмек көрсетілуде. Бұл үшін мектепте оларға көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасалған.  Бірге атқарылған істер, ойын-сауық, саяхат-жорықтар балалардың бір- бірін басқа қырынан көруге, танып-білуге көмектеседі.  Олардың мінезіндегі ерекшеліктерді көріп, баланың өз бетімен жұмыс жасап, нақты ұнаған ісімен айналысуға жол ашады. Балалардың даралығын, ерекшелігін, жеке басының қасиеттерін танып-білу, әлеуметтік жағдайын білу – баланың лагерьде дұрыс демалып,  жақсы сауығуына көмектеседі. 

 

«Балдәурен » лагері төмендегі күн тәртібі бойынша жұмыс жүргізді:

 

Сарыбұлақ орта мектебінің мектепішілік  лагері  ҚР кодексі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы », Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №233 бұйрығы «Санаториялық және сауықтыру обьектілеріне қойылатын санитариялық –эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сай  тексерістен өтті.

Сарыбұлақ орта мектебі типтік жобадағы мектеп емес. Сондықтан «Балдәурен» лагері ыстық тамақсыз ұйымдастырылған.

 

                          КҮН ТӘРТІБІ :

 8.45-9.00 Оқушыларды қабылдау.

 9.00 – 9.15    Таңғы  жаттығулар      

  9.15-11.45     Қызығушылығы бойынша сабақта

  11.45- .12.15   Еңбек десанты 

 12.20   -12.30  Оқушыларды үйлеріне қайтару   

      

Сарыбұлақ орта мектебі мектеп  жанындағы «Балдәурен»  еңбек және демалыс , сауықтыру  лагердің есебі

 

Тәрбиешінің міндеттері:

1.   Балалардың тәрбиесін өмір   қауіпсіздігін ұйымдастыруды жоспарлайды.

2.   Балалардың өзін-өзі жақсы сезінуі үшін жақсы жағдайды ұйымдастыра отырып әр күндік жұмыстар жүргізеді.

3. Демалу мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.

4. Мереке мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.

 

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;Оқушылардың таным белсенділіктерін дамыту;

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу

 

Лагерь балаларына жоспар бойынша қауіпсіздік ережелермен таныстырылып,тәрбиешілер өз міндеттерін қолға алды.

 

 

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;} <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]>