мерекелік іс-шаралар » Сарыбұлақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарыбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мерекелік іс-шаралар
10
апрель
2017

мерекелік іс-шаралар

 "Бекітемін"

                                                                     Мектеп  директоры:              Т.Ергожаева

 

"Көктем аруы-2017" байқауының бағдарламасы

 

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

1-Жүргізуші

Армысыздар, ұстаздар көрермен қауым және оқушылар! «Наурыз  аруы-2017»

байқауына қош келдіңіздер!Наурыз мерекесінің қарсаңында оқушы қыздар

арасында: «Наурыз аруын» анықтау мақсатында байқау  өткізгелі отырмыз. Бұл

байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан

сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы,

инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен "Наурыз  аруы-2017" байқауын бастауға  рұқсат етіңіздер.Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

 

2-Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Ән : Жүнісбеков Марленнің орындауында   "Қазақ  қыздары"

 

1-жүргізуші

Ендеше біз де өзіміздің сұлу  қыздарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға  қатысатын  қыздарымызға  қошемет  көрсетіп  отырайық.

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!

 

Байқауға  қатысатын аруларымызды  ортаға шақырайық

 

 

2-жүргізуші

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

 

1 - шарт. «Мен қазақтың  қызымын» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.

2 - шарт. «Қыз еркем өнерімен  көркем», әр ару өз қолынан келетін  ісмерлік өнерлерін көрсетеді.

3 - шарт. «Іші алтын,сырты  күміс  сөз төресі»  мақал-мәтелдер  бойынша сұрақтар  қойылады.

4-шарт. "Сұлулық сыры" шаш  сән  үлгілері

5 - шарт. «Өнерлінің өрісі  кең». (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).

6-шарт "Зерделінің ойы  озық" Сал-дәстүр  бойынша сұрақтар  қойылады.

 7 - шарт."Ас- адамның  арқауы"  Арулар өздерінің үйден жасап келген

ұлттық тағамдарын қалай пісірілуін айтып беріп, көрсетеді.

 

1-жүргізуші

 Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

1.

2.

3.

4.

 

2-жүргізуші

            Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер дейміз!

 

 Арулар келіп жетті танысуға

Сыпырды томағасын осы дуға

Ұшып келген қырандай керілтеді,

Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың

 

 

 

 

 

1 - ші кезеңі «Таныстыру».

1-жүргізуші

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Қуаныш қой  еңбекпен таң атқаны

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

2-кезең "Қыз  еркем-өнерімен  көркем" әр ару өз  қолынан келетін  ісмерлік өнерлерін көрсетеді.

 

2-жүргізуші

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте

3кезең «іші алтын ,сырты-күміс»  мақал-мәтел  бойынша сұрақтарға жауап

берейік.

Қыздарымыз  сұрақтарға  дайын болғанша   әдемі  әнге кезек  берейік.

Куббаева  Шырынның орындауында  "Мен  қазақтың қызымын"

 

1-жүргізуші

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі 4кезеңге келіп  жеттік. "Сұлулық  сыры"сән үлгісін  және шаш үлгісін көрсету.

 

2-жүргізуші

Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

           Өнер көрсет, құрбылармен жарыста  дей отырып ,келесі 5-кезеңде "Өнерлінің өрісі кең" өз өнерін көрсету

 

1-жүргізуші

"Ұяда  не  көрсең ұшқанда  соны  ілерсің ", "Көріп  алған көріктіден  көрмей  алған текті  артық"," Анасына  қарап  қызын ал" деп  халық  бәрін бастан  кешіп,сынақтан  өткізгендіктен  айтқан. Ендеше  сайсымыздың  келесі          6-кезеңі   "Зерделінің  ойы озық"  Салт-дәстүр  бойынша сұрақтар  қойылады.

2-жүргізуші

Арусыңдар таудай биік талабың,

Қызысыңдар еркін өскен даланың

Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында

Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын ба?

7-кезең "Ас адамның  арқауы"  ас мәзірі

(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).

 

1-жүргізуші

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.

 

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнерлі, білімділер жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

 

Әділ қазыларға сөз беріледі.

 

2-жүргізуші

«Кім жылдам»

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!

Ал, көрермен, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

 

1. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)

2. Екі семсер айқасқан,

Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)

3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)

4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)

5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)

6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

 

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Наурыз  аруы -2017" байқауының    хаттамасы

 

"Сарыбұлақ  орта мектебі-мектепке ДШО"КММ

Р/Н

Байқауға қатысат

ын

сынып

тар

Таныстыру

"Қыз еркем өнерімен көркем"

"Іші  алтын,сырты  күміс сөз төресі"

"Сұлулық сыры"

"Өнерлінің  өрісі  кең"

"Зерделі-нің  ойы  озық"

Ас адамның арқауы

1

5 а              

 

 

 

 

 

 

 

2

5 ә

 

 

 

 

 

 

 

3

6 а

 

Похожие публикации:

10 апрель 2017 наурыз аруы-2017
10 апрель 2017 наурыз аруы-2017
06 апрель 2017 ҰБТ туралы
04 апрель 2017 22-наурыз
03 апрель 2017 сабақ кестесі