"Білім күні" » Сарыбұлақ орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сарыбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2017

"Білім күні"

 

«Сарыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде«Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен өз Отанымның патриотымын» атты алғашқы қоңырау мерекесінің мәліметі

2017-2018 оқу жылы

Мақсаты: 1-Қыркүйек Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.

Оқушыларды өз елінің патриоты болуға, жалпы адамгершілік қағидаларын сақтауға тырысуын қалыптастыру,адамдыққа, ізгілікке және жат нәрселерге белсенді рухани қарсылық көрсету қасиетіне баулу, тәрбиелеу.

Ата заң мерекесі туралы мағлұмат беру.

Мектеп жұмысын салтанатпен ашатын алғашқы қоңырау болса, тәрбие бағытының бірі және бірегейі ол патриоттық тәрбие. Тәрбиенің әр бағытының өзіндік ерекшелігімен қажеттілігін ескере отырып, елдің болашағын, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу бағытының маңыздылығын түсінеміз. Жалпы тәрбие кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан мектеп көлеміндегі жұмыстар қыркүйектің бірінші аптасынан басталды. Атап айтқанда, 1-қыркүйек – білім күні салтанатты жиыны «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында өткізілді .Салтанатты жиынның қонақтары: Қаражота селолық округінің бас маманы , ардагер ұстаздар, ауылдың ардақты азаматтары, ауыл тұрғындары.Сонымен қатар, 1-11-сынып оқушылары – 210, ата-аналар, сынып жетекшілер, ұстаздар қатысты.Салтанатты жиын мектеп директоры Т.Ерғожаеваға АӘД пәнінің мұғалімі Қ.Қ.Рахыбаевтың мектеп оқушыларының жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындығы туралы рапорт берумен басталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалды

Алғащқы құттықтау сөз мектеп директоры Т.Ерғожаеваға берілді.«Білімді ел – мәңгі ел», ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығы, ҚР Конституциясының 22 жылдығы – еліміздің аса маңызды мерекелері екендігі аталып өтті.«Туған жер» әні 9-сынып оқушысы Желдізбаева Жансаяның орындауында тыңдалды.Салтанатты жиында келген қонақтар мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді.2017-2018 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімін 11-сынып оқушысы Куббаева Шырын және алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушысы Оразай Қарақатқа тапсырылды.Сонымен қатар 11сынып жетекшісі Г.Г.Құрманғалиева оқушыларымен 1 сынып оқушыларын бүгінгі мереке күнімен құттықтай отырып, сыйлықтарын тапсырды және алтын ұя мектебіне алғаш мектеп табалдырығын аттау рәсімін жасады.11-сынып оқушысы Куббаева Шырынның орындауында «Мектебім ,аяулы мектебім» әні тыңдалды

Екінші бөлім бойынша 1-11- сынып оқушылары сынып бөлмелерінде алғашқы сабақ өткізілді. Алғашқы сабақ «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен - патриотымын» тақырыбында өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды өз тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтай отырып, мәңгілік ел бола алатынына көз жеткізе отырып, үлес қосуына шақыру. Сонымен қатар, болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идеямен таныстыру.

1 – 4 сыныптарда әдістемелік хатқа сәйкес « Мен патриотпын» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бұл сынып сағатының арқауы « Мен кіші Отанымның патриотымын». Сабақта білім алушылар «Патриот деген кім?» деген сұрақты жан – жақты талдады.

5 – 7 сыныптарда «Мен патриотпын» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бұл сабақтың арқауы «Мен мәдени ұлттық игіліктер патриотымын». Сабақта оқушылар патриот азаматтың бойында қандай жақсы қасиеттерінің болатынын талдады.

8 – 11 сыныптарда «Мен патриотпын» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бұл сабақтың арқауы «Мен – патриот - азамат.».Бұл сабақта оқушылар өздерінің әр білім алушы өзінің бойындағы патриотқа тән қасиеттерді талдады.

Сонымен қатар 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған сынып сағаттарының соңы мектеп оқушыларының «Болашаққа бағдар» атты конофильм көрумен жалғасын тапты.